Жаңалықтар



«Аула футбол лигасы - 2014» қалалық финалы


07 09 2014

«Денсаулық фестивалі - 2014» шегінде 6 қыркүйекте «Шахтер» стадионында «Аула футбол лигасы - 2014» қалалық финалының жеңімпаздарын салтанатты марапаттауы өткізілді.
2-6 қыркүйекте  «Шахтер» стадионында және «Қарағанды Арена» мұз сарайының артында Қазыбек би атындағы аудан мен Октябрь ауданының жүлдегер командалары қатысқан «Аула футбол лигасы - 2014» ақтық жарыстары өткізілді.
«Аула футбол лигасы - 2014» қорытындылары:
Кіші топ- 2000-2002 ж.т.
I  орын    -   «Спартак» командасы (Сұрыптау)
II орын    -    «Мир» командасы (Ж.қала)
III орын   -    «Қайрат 1» командасы (Майқұдық)
Орта топ  -  1997-1999ж.т.
I  орын   –   КТЛ командасы (Майқұдық)
II орын    -    КТЛ 3 командасы (Майқұдық)
III орын    -    «Жұлдыз» командасы (Майқұдық)
Жоғарғы топ  -  1996 ж.т. және одан жоғары
I  орын   -   «Жастар» командасы (Майқұдық) – Октябрь ауданының командалары арасында Аула футбол  лигасының жеңімпазы.
II орын    -    «Мегаполис» командасы (Құрама команда)
III орын    -   «Восток» командасы (Майқұдық)
Әр жастық топ дәрежесінде жеңімпаз команда Кубокпен, дипломмен және «Шахтер» футбол клубының футболшыларының қолтаңбасымен футбол добымен, қатысушылар – грамоталармен, жалаушалармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар үздік ойыншылар үшін дипломдар мен "Шахтер" футбол клубының белгісі түрінде арнайы сыйлықтар ұйымдастырылды.
12-14 жас дәрежесінде «Ең пайдалы ойыншы» номинациясында Қайрат-1 команда ойыншысы Шубаев Әділ танылды.
15-17 жас дәрежесінде «Ең пайдалы ойыншы» номинациясында №36  ЖББОМ команда ойыншысы Асхатов Асылжан танылды.
18 жас және одан жоғары жас дәрежесінде «Ең пайдалы ойыншы» номинациясында «Жастар» команда ойыншысы Тойбасаров Асхат танылды.
Осы іс-шаралардың ұйымдастырушылары Қарағанды қ. дене шынықтыру және спорт бөлімі, Қарағанды облыстық футбол Ассоциациясы және «Шахтер» КМҚК болып табылады.


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»