Жаңалықтар



Мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында І Спартакиада


06 08 2014

2014 ж. 25 шілдеде «Жастар» спорт кешенінде Қарағанды облысы әкімінің жүлдесіне мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында І Спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.
Жарыстар 23 - 25 шілде аралығында өтті,  Қарағанды облысының 14 қалалары мен аудандарынан мүмкіндіктері шектеулі 170 адам қатысты.
Спартакиада бағдарламасында жеңіл атлетика, үстел теннисі, шағын футбол, тоғыз құмалақ және дойбы бойынша жарыстар өткізілді.
Шағын футбол мен үстел теннисі бойынша жарыстар "Жастар" спорт кешенінде өтті. Жеңіл атлетика бойынша жарыстар - жеңіл атлетика манежінде, тоғыз құмалақ пен дойбы бойынша Н.Әбдіров атындағы СК фойесінде өтті.
Жалпы командалық есеп бойынша облыстық Спартакиада қорытындылары:
I орын   -   Қарағанды қ. командасы
II орын  -  Теміртау қ. командасы
III орын  - Жезқазған қ. командасы


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»