Жаңалықтар



«Олимпиада қатысушыларына қолдау көрсетейік»


09 02 2014

2014 жылдың 8 қаңтарында «Шахтер» стадионының мұз айдынында Сочи  - 2014  XXII қысқы Олимпиадалық Ойындарына арналып, көңілді мәрелер өткізілді.
Шараның мақсаты:
- Сочи  - 2014  XXII қысқы Олимпиадалық Ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларға қолдау көрсету;
- спорттың қысқы тұрлерін таныту;
- халықтың бос уақытын ұйымдастыру;
- дене шынықтыру мен спортпен айналысуға халықтың барлық топтарын қатыстыру.
  Көңілді мәрелердің бағдарламасына қысқы Олимпиада ойындарының спорттың келесі түрлері енгізілді: конькимен мәнерлеп сырғанау, шаңғы спорты,конькимен сырғанау және т.б.
Жарысқа барлық қалаушылар қатысты.
Жүлдегер-командалар Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің және «Шахтер» КМҚК дипломдармен, қатысушылар –сыйлықтармен және медальдармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: «Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ және «Шахтер» КМҚК бірігіп.


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»