Жаңалықтар



«Әр жазғы күн»


07 08 2017

Аула клубтарында тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру бойынша жұмыс жалғасуда. Конкурстар, таза ауада ойындар, мастер-класстар, аула тұрғындарының қатысуымен шахмат-дойбы турнирлары, саябаққа, хайуанаттар бағына, кинотеатрларына экскурсия өткізіледі.
«Шахтер» стадионының ЭКСПедициясы – «Спорт қуаты» жобасы шегінде қала алаңдарында спорттық турнирлар өткізіледі. Тамыз айында «Шахтер» стадионының ЭКСПедициясы «Шахтер» ФК ойыншыларының қатысуымен Майқұдық пен Пришахтинсктің алаңдарына шығады.
«Менің аулам» Фестивалі шегінде ҚР Конституциясы мен Кеншілер күніне арналған «Кеша», «Ақниет», «Барыс», «Восток», «Жұлдыз», «Солнышко» балалар-жасөспірімдер клубтарының аулаларында мерекелік іс-шаралар өткізіледі.
Сонымен қатар, балалар-жасөспірімдер клубтарының балалары жүлделі орындарды алатын «Аула футбол лигасы 2017», «Аула баскетбол лигасы 2017» жобаларына белсенді қатысады.


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»