Жаңалықтар



«Бәйтерек» VII ашық би байқауы өтті


06 03 2017

Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мерекесі қарсаңында, көктемнің алғашқы күні «Жастар» спорт кешенінде 2017 ж. 5 наурызында «Бәйтерек» VII ашық би байқауы  өтті. Байқауға 1900 астам адам  қатысты, Астана, Жезқазған, Сәтпаев, Шахтинск, Теміртау қалаларынан және Қарағанды қалаларынан өтінімдер тапсырылды.
Осы іс-шараның мақсаты өсіп келе жатқан шығармашылық белсенді ұрпақты құру, салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен ата-аналардың бірлестік бос уақытын ұйымдастыру болып табылады. Байқау балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және салауатты дамуы үшін күшті  ынталандырма, сонымен қатар іс-шараның ата-аналары мен қонақтары үшін шығармашылық мерекесі болды.
Ұжымдар келесі номинацияларда 5 жас топтарында (3-6 жас, 7-10 жас, 11-15 жас, 16-19 жас, аралас топтар) бағаланды: «Ұлттық билер», «Эстрада билері», «Стильденген би», «Шығыс билері», «Классикалық билер», «Бал билері», «Спорттық билер», «Заманауи билер», «Чир дэнс».  Осы жылы байқау бағдарламасына тұңғыш рет «Болливуд» номинациясы енгізілді – үнді киноиндустриясының шоу билері.
Қазылар алқасының шешімдеріне сәйкес әр номинация мен жастық топтарында Бас жүлде, лауреаттар мен I, II, III дәрежелі дипломанттар атақтар берілді.
Ұйымдастырушы: «Шахтер» КМҚК.


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»