Жаңалықтар



«Шахтер» ст. мұз айдынында ғашықтар күні


14 02 2017

2017 ж. 14 ақпанында «Шахтер» ст. мұз айдынында дәстүрлі  Ғашықтар күніне арналған «Ғашық жүрек» көңіл көтеру бағдарламасы өткізілді. Жастарға конкурстар, ойындар, тосын сыйлар мен Қарағанды Subaru-клубынан авто-шоу дайындалды. Ойын бағдарламасында жастардың 10 жұбы қатысты, қорытынды бойынша барлық қатысушыға «Шахтер» стадионынан сыйлықтар ұсынылды.
Іс-шараның басты сыйлығы – жұпқа романтикалық кешкі ас болды. 2 және 3 орын үшін «Спортика» фитнес клубы мен «Арман» боулингіне бір реттік абонемент ұсынылды. Сонымен қатар, іс-шараның барлық қатысушылары тәтті сыйлықтармен марапатталды. Мерекенің шарықтау шегі мерекелік отшашу болды!!!
Мерекенің жалғасы Sanches пен Galaxy диджейлердің қатысуымен дискотека болды.

Ұйымдастырушы: «Шахтер» КМҚК.
 


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»