Жаңалықтар



Өткізілген Аула футбол лигасы 2016 қорытындылары


22 09 2016

2016 ж. 20 қыркүйегінде Н.Әбдіров атындағы спорт комбинатында «Аула футбол лигасы 2016» финалының жүлдегер командаларының марапаттауы өтті.
«Аула футбол лигасы 2016» 17 шілдеде Қазыбек би атындағы ауданның аула командалары арасында бастау алды. Жарыстар 17-23 шілде аралығында 58 команда қатысқан Жамбыл, Кривогуз көшелері, Орбита ш.а. және №23 ЖББОМ шағын футбол алаңдарында өткізілді.
8-17 тамыз аралығында №8, 61, 30 ЖББОМ шағын футбол алаңдарында Октябрь ауданының 95 аула командалары жарысты.
20 тамызда Қазақстандағы Спорт күні қарсаңында «Шахтер» стадионында «Аула футбол лигасы 2016» аудандық жеңімпаз-жүлдегерлерді салтанатты марапаттау өткізілді. Жүлдегер командалар әр жас дәрежесінде дипломдармен, Кубоктармен және І орын – 100 000 теңге,  ІІ орын – 80 000 теңге, ІІІ орын – 50 000 теңге ақшалай сертификаттарымен марапатталды. Қатысушылар – грамоталармен және сәйкесінше дәрежелі медальдармен марапатталды.
23-27 тамыз аралығында №23 ЖББОМ футбол алаңында «Аула футбол лигасы 2016» ақтық жарыстары өткізілді, аудандық турнирлардың жүлдегер командалары кездесіп, Қарағанды қ. «Аула футбол лигасы 2016» жеңімпаздары анықталды.
Төменгі жас тобы:   2002-2004 ж.т. ұлдар
1 орын      –     «Виктория» (Михайловка)
2 орын      –     «Болашақ» (Пришахтинск аула клубының командасы)
3 орын      –     «Достар» (Майқұдық)
Үздік қақпашы    -    Бекжаппар  Диас  («Достар»)
Үздік шабуылшы   -   Саяхатов  Ислам  («Болашақ»)
Ең пайдалы ойыншы  -  Мейрам  Арыстан  («Виктория»)
Орта жас тобы:   1999-2001 ж.т. жастар
1 орын      –     «Мұрат-2» (Майқұдық аула клубының командасы)
2 орын      –     «30 шағын аудан» (Оңтүстік-Шығыс)
3 орын      –     «№ 23ЖББОМ» (Оңтүстік-Шығыс)
Үздік қақпашы    -    Маракин  Данил  («30 ш.а.»)
Үздік шабуылшы   -   Құсайынов  Ернар  («№ 23 ЖББОМ»)
Ең пайдалы ойыншы  -  Джампиев  Ильяс  («Мұрат-2»)
Үлкен жас тобы:    1998 ж.т. жәнеодан үлкен жастар
1 орын     –     «Челси» (Майқұдық)
2 орын      –     «Сортировка» (Сұрыптау)
3 орын      –     «Альянс» (Оңтүстік-Шығыс)
Үздік қақпашы    -    Крайев  Мирас  («Альянс») 
Үздік шабуылшы   -   Щербак  Сергей   («Сұрыптау»)
Ең пайдалы ойыншы  -  Ертуғанов  Жақсылық   («Челси»)
Әр жас тобындағы жеңімпаз команда Кубок, диплом және 125 000 теңге сомасында ақшалай сертификат алды. Сонымен қатар, үздік ойыншылар кубоктармен және дипломдармен марапатталды.


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»