Жаңалықтар



«Локомотив» жазғы лагерінің жұмысы


24 07 2016

«Локомотив» спорт кешенінің базасында  26 бала үшін тұрумен «Локомотив» жазғы лагерінің жұмысы ұйымдастырылды.

Балалар үшін 5 мезгілдік тамақтану, күнделікті бассейнге, спорт залға бару, таңғы жаттығулар, «Zumba», йога ұйымдастырылды, «Қолтырауын», «Музыкалық көкжиек», «Форд Баярд», Нептун күні және т.б. сияқты ойын бағдарламалары өткізілді. Маусым ағымында оригами, вокал, хореография, табиғи материалдан жасап шығарулар, аквагримм бойынша шығармашылық шеберханалары өткізілді. Экомұражайға және «Карат» атқораға шығулар ұйымдастырылды. 

 Сонымен қатар, балалар үшін «Шахтер» ФК командасының ойыншылары өткізген футбол бойынша мастер-класс өткізілді, соңынан балалар қолтаңбаларын алды.

Маусымның жабылуы «Шахтер» стадионында Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, балалар олимпиадалық ойынын өткізу болды. Іс-шара Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындары қарсаңында «Бірінші жеңістерден олимпиада шыңдарына!» ұранымен өткізілді. Ашылу мен марапаттау салтанатына Олимпиада ойындары 2004 қола жүлдегері, бокс бойынша ҚР еңбек сіңірген спорт шебері – Серік Елеуов және 2004 жылдың жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ойынсайыста 2013 ж. Азия Чемпионатының жеңімпазы – Дмитрий Карпов шақырылды. Соңынан балалар Дмитрий Карповпен ақтық 100 метрді жүгіріп өтті.


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»