Жаңалықтар



Жасөспірімдер арасында «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша Қарағанды қаласының V Чемпионаты


07 04 2016

2016 ж. 5-6 сәуірде «Жастар» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде жасөспірімдер командалары арасында «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша Қарағанды қаласының V Чемпионаты өтті.
2 күн ағымында, осы Чемпионатта орта мектептер мен Қарағанды қ. балалар-жасөспірімдер клубтарынан 53 команда қатысты, осылайша Қазақстандағы осындай ірі жарыстардың бірі мәртебесін растады.
Командалар үшін 30 сұрақтан тұратын турнирлік аралық дайындалды, жауап үшін білімпаздықтан басқа, балаларға логика мен командалық ой-талқы қажет болды. Чемпионаттың қатысушылары екі сағат ағымында жылдам, бір минут ішінде түрлі білім салаларынан сұрақтарға жауап беруге жарысты.
Бірінші ойын күні турнир 25 команда қатысқан мемлекеттік тілде өтті.
1 орын -  "Жеттi" командасы (НЗМ), Осы Чемпионаттың 2015 ж. жеңімпаздары.
2 орын -  «Көз темесін» командасы (НЗМ)
3 орын -  «Белые дельфины» командасы («Жұлдыз» балалар-жасөспірімдер клубы)
Үздік ойыншы болып «Жетті» командасының ойыншысы (НЗМ) - Абылаева Аяна танылды.
Екінші ойын күні турнир 28 команда қатысқан орыс тілінде өтті.
1 орын -   "Какао бобы"командасы (№2 лицей), Осы Чемпионаттың 2015 ж. жеңімпаздары.
2 орын –   «Пионер лагерь «Паленая хвоя»» командасы («Мұрагер» ММИ)
3 орын –   «Перезагрузка» командасы («Мұрагер» ММИ)
Турнирдің үздік ойыншысы болып  Рақымова Зүлфия (Какао-бобы) танылды.
Сонымен қатар келесі номинациялар бойынша үздік командалар белгіленді.
«7-8 сыныптардың үздік командасы» - «Кекдоги» командасы («Мұрагер» ММИ).
«Балалар-жасөспірімдер клубтарының үздік командасы» «Кеша» клубының командасы танылды.(11 квартал).
Турнирдің ұйымдастырушысы: «Шахтер» КМҚК.


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»