Жаңалықтар



«Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша Қарағанды қаласының VII Ашық Кубогы өтті


21 12 2015

20 желтоқсанда «Жастар» спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған  «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша Қарағанды қаласының VII Ашық Кубогы өтті. Кубокқа Алматы, Астана, Теміртау және Қарағанды қалаларынан 30 астам білімпаз командалары қатысты. 45 сұрақтан тұратын турнирлік аралықтың қорытындысы бойынша  «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша Қарағанды қаласының VII Ашық Кубогының иесі болып Алматы қаласының «Брови Трандуила» командасы танылды.
II орынды «Бедлам» командасы алды (Астана қ.)
III орын - «Зенит» (Қарағанды қ.)
Сонымен қатар, келесі номинациялар бойынша үздік командалар анықталды:
«Үздік жасөспірімдер командасы» - «Какао бобы» командасы (№2 Лицейі)
«Үздік жастар командасы» - «Инсайт» командасы (ҚММУ)
«Үздік корпоративтік командасы» - «Мурашки» командасы («Мұрагер» командасы)
Турнирдің үздік ойыншысы болып  Андрей Гатаулин («Зенит» командасы, Қарағанды қ.) танылды.
«Что? Где? Когда?» бойынша турнирде командалармен көрсетілген нәтижелер халықаралық білімпаз командалар рейтингінде есепке алынды.
Сонымен қатар, 2 күн ағымында 19-20 желтоқсанда Кубок шегінде брейн ринг және своя игра бойынша турнирлер өткізілді.
«Брейн-рингке» қатысуға келесі нәтижелермен «Что? Где? Когда?» Кубок қорытындылары бойынша 8 үздік команда өтті:
1 орын - «Бедлам» (Астана қ.)
2 орын  - «Брови Трандуила» (Алматы қ.)
3 орын - «Зенит» (Қарағанды қ.)
Астана, Алматы, Теміртау және Қарағанды қалаларынан 25 адам жарысқан «Своя игра» бойынша жеке турнирде келесі ойыншылар жүлделі орындарды алды:
1 орын - Андрей  Гатаулин (Қарағанды)
2 орын - Әнуар Мұхаметқалиев (Алматы)
3 орын - Сергей Чистяков (Алматы)


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»