Жаңалықтар



«Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша «Шахтер» КМҚК VI Біріншілігі


13 10 2015

2015 жылдың 11 қазанда «Жастар» спорт кешенінде әуесқой командалары арасында  «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша «Шахтер» КМҚК VI ашық Біріншілігі өтті.
Турнирге Қарағанды және Теміртау қалаларынан 29 команда қатысты – ол мектептер, студенттер және корпоративтік командалар. Қатысушылар 30 сұрақтан тұратын ойын дистанциясында жарысты. Ойын қызықты және тартысты болды, бірден бірнеше командалар жүлделі орындарға ғана емес, номинацияларға да сайысты.
Турнирлік дистанцияларының қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі командалар алды:
I орын - «Insight» командасы (ҚММУ)
II орын - «Мурашки» командасы («Мұрагер» мектебінің мұғалімдер құрамасы)
III орын - «Обещали прийти» командасы  (Теміртау қаласының құрама командасы)
Сонымен қатар, қазылардың кеңесі бойынша келесі номинацияларда үздік командалар анықталды:
Үздік жасөспірімдер командасы –«Какао-бобы» команда (№2 лицей)
Үздік жастар командасы –«Омега» командасы (ҚарМТУ)
Үздік корпоративтік командасы  –«Со  мнительная компания» командасы
Турнирдің үздік ойыншысы болып «Мурашки» командасының ойыншысы Смағұлов  Айдос анықталды.
Ұйымдастырушы: «Шахтер» КМҚК.


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»