Жаңалықтар



Қарағанды қ. балалар-жасөспірімдер клубтарының командалары арасында жаяу туризм техникасы бойынша жарыстар


24 07 2015

2015 ж. 13-14 шілдесінде орталық саябақ аумағында және Көгілдір тоғандар шағын ауданында Қарағанды қ. балалар-жасөспірімдер клубтарының командалары арасында ХІІІ Спартакиадасы бағдарламасында жаяу туризм техникасы бойынша аудандық жарыстар өткізілді. Жарысқа 100 астам жасөспірімдер қатысты.

19-21 шілдеде Бұқар Жырау ауданының Корнеевка ау. орманды алқабында финалға шыққан «Туған жер», «Барыс», «Болашақ», «ВИК», «Восток», «Ұлан» балалар-жасөспірімдер клубтарының командалары арасында ақтық жарыстар өткізілді. Финалдық жарыстар 12 км ұзақтығындағы, шатр астында қонумен және өз бетінше отта тамақ пісірумен дала сапары үлгісінде өтті. Жеке түрде фотосуреттер, сапар туралы әңгімелер мен туристік әндер конкурстары өткізілді.

2 күндік жарыстар қорытындылары бойынша жеңімпаз болып келесі БЖК командалары анықталды:

I орын - «ВИК» БЖК (Кірпіш зауыты 3,4)

II орын - «Ұлан» БЖК (Курьяновка ау.)

III орын - «Восток» БЖК (Майқұдық)

 

Ұйымдастырушы: Қарағанды қ. ДТжСБ «Шахтер» КМҚК және облтурклубымен бірлесіп.

 


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»