Жаңалықтар



Жасөспірімдер арасында интеллектуалдық ойын бойынша Қарағанды қаласының Чемпионаты


14 04 2015

2015 ж. 8-9 сәуірінде «Жастар» спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған жасөспірімдер командалары арасында «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша Қарағанды қ. IV Чемпионаты өтті.
Осы Чемпионат Қарағанды қаласының орта мектептерінен және балалар-жасөспірімдер клубтарынан 51 команданы жинады, осымен Қазақстандағы осындай ұқсас ірі жарыстардың мәртебесін растады.
Командалар үшін 30 сұрақ турнирлік аралықтары дайындалды, онда чемпионаттың қатысушылары екі сағат ағымында бір минут ішінде түрлі білім саласынан сұрақтарға жылдам жауап беру қабілетіне жарысты.
Ойынның бірінші күні турнир мемлекеттік тілде өтті, оған 16 команда қатысты.
1 орын: "Жеттi" командасы (НЗМ)
2 орын: "Мұрат" балалар-жасөспірімдер клубының командасы
3 орын: "Тұлпар" командасы (№92 гимназия)
Ойынның екінші күні турнир орыс тілінде өтті, оған 35 команда қатысты.
1 орын: "Какао бобы" командасы (№2 лицей)
2 орын: "Сила яблок" командасы (№66 мектеп)
3 орын: "Ассоль" командасы ("Мұрагер" мектеп-интернат)
Ұйымдастырушы: «Шахтер» КМҚК
Турнирдің әріптесі: «Алтел» АҚ Қарағанды филиалы.


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»