Жаңалықтар



«Что? Где? Когда?»


18 12 2014

Қарағанды қаласының 80 жылдығын тойлау шегінде және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 2014 ж. 14 желтоқсанында «Жастар» спорт кешенінде «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша Қарағанды қ. VI Ашық Кубогы өткізілді.
Жыл сайын қала Кубогына Қарағандының мықты командалары қатысады. Осы жылы 31 білімпаз командалары, сонымен қатар Астана, Алматы, Павлодар қ.қ. команда құрамалары қатысты. Алматы қ. командасы тұңғыш рет қатысты.
Білімпаздар үшін турнирлік шектеумен осы жарыстарға арнайы 45 авторлық сұрақтар дайындалды.
Осы турнирдің қорытындысы бойынша «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша Қарағанды қаласының VI Кубогын Қарағанды қ. «Зенит» командасын 1 ұпайға озып, Астана қ. «Бедлам» командасы жеңіп алды.
Осылай, II орынды  Зенит командасы (Қарағанды қ.).
III орынды -  Эрудит командасы  (Алматы қ.) алды.
«Шахтер» КМҚК сыйлықтары мен дипломдармен келесі номинацияларда үздік командалары марапатталды:
- «Үздік жастар командасы» - 66.kz командасы.
- «Үздік жасөспірімдер командасы» - «Альфа-спираль» командасы ( №30 ЖББОМ)
- «Үздік балалар-жасөспірімдер клубының командасы»  болып «Ровесник» балалар-жасөспірімдер клубының «Такуми Ориката» командасы танылды.
Турнирдің «Үздік ойыншысы» болып «Зенит» командасынан Андрей Гатаулин танылды.
"Что? Где? Когда?" ойыны бойынша Кубок бағдарламасында сонымен қатар «Брейн-ринг» және спорттық «Своя игра» ойындары өткізілді.
Брейн-рингте Альтаир командасы (Павлодар қ.) жеңімпаз болды.
«Своя игра» ойынындаЕрлан Құзбақов (Алматы қ.) жеңді.
Ұйымдастырушы: «Шахтер» КМҚК.
Турнир серіктесі: «Алтел» АҚ Қарағанды филиалы.


Назад

Қарағанды спорты

При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»