Жаңалықтар
«Қауіпсіз демалыстар»
14 08 2013
Қарағанды қ. ТЖ бойынша басқармасымен «Шахтер» КМҚК бірлесіп балалар үшін түрлі ТЖ бойынша балалар-жасөспірімдер клубтарында алдын алу дәрістері өткізілді.
Дәрістер 2013 ж. 6,8,13 тамызда «Мир» (Ж.Қала), «Солнышко» (Пришахтинск), «Жастар» (Майқұдық) балалар-жасөспірімдер клубтары базасында Қарағанды қ. ТЖ бойынша басқарма қызметкерлерімен, Орталық су-құтқару стациясының, «Мир добра» қоғамдық бірлестігінің және «Общество Красного полумесяца РК» РҚБ ОҚФ өкілдерімен өткізілді.
Тыңдаушылар жеткіншектер ғана емес, сонымен қатар жасөспірімдер де болды.
Әңгіме тақырыбы: суда өзін ұстау ережелері, тұрмыстағы өрт, мен – жаяу жүргінші, Қарағанды қаласы аумағына сипатты төтенше жағдайлар, суға батқанда алғашқы жәрдем көрсету, қанды тоқтату және т.б. болды.
Кішкентай тыңдаушылар үшін сонымен қатар ТЖ тақырыптары бойынша викторина ұйымдастырылды. Олар кроссвордты да әуеспен шешті. Үздік белсенділерді марапаттау ерекше тосынсый болды. Соңына қарай «Абайла, су!», «Ормандағы өрт», «Газ – үйдегі досың да, жауың да» мультипликациялық фильмдерін көрді.
Осы іс-шаралар мектеп тұсындағы жазғы лагерьлер мен Қарағанды қ. балалар-жасөспірімдер клубтарында Қарағанды қ. ТЖ бойынша Басқармасымен білім бөлімі мен «Шахтер» КМҚК бірлесіп өткізілді.
Назад
- 20.11.2019«Темиртау» всухую проиграл «Хумо-2» в матче чемпионата РК
- 19.11.2019«Темиртау» в овертайме уступил «Хумо-2» в матче чемпионата РК
- 31.10.2019«Иртыш» переиграл «Темиртау» в матче чемпионата РК
- 30.10.2019Ожидаемо. «Атырау» нанес «Шахтеру» шестое поражение подряд и увеличил шансы на выживание в КПЛ
- 01.01.1970