Жаңалықтар



Октябрь ауданының Аула футбол Лигасының жеңімпаздарын марапаттау


18 07 2013

2013 жылдың 9 шілдесінде № 8 ОМ спорттық алаңында Октябрь ауданының арасындағы Аула футбол Лигасының жеңімпаздар командаларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Жарыстар 2013 жылдың 23-30 маусым аралығында №№ 30, 85, 8, 61,  ОМ шағын футбол алаңдарында өтті, жарысқа 76 футбол сүйер командалары қатысты.
Әр жастық дәрежесі бойынша жеңімпаз командалар Кубоктармен дипломдармен марапатталды. Жүлдегер командаларының ойыншылары – медальдармен, грамоталармен және Октябрь ауданы әкімінің жүлделерімен марапатталды. Бәйге қоры I орын үшін – 50 000 теңге, II – орын үшін – 40 000 теңге, III орын үшін – 30 000 мың теңге.
Октябрь ауданының Аула футбол Лигасының жеңімпаз командалары
11-13 жас категориясы
I орын –  Мұрат-1 командасы (Майқұдық, 16 ш.а)
II орын – Ақниет-1 командасы (Майқұдык, 2 квартал)
III орын –Сатурн командасы (Майқұдык, 15 ш.а)
14-17 жас категориясы
I орын –Мұрат-2 командасы (Майқұдық, 16 ш.а)
II орын – Жұлдыз командасы (Майқұдық, 11а ш.а)
III орын – Ақниет командасы (Майқұдық, 2 квартал)
18 жас және одан да үлкен
I орын –  Стандарт командасы (Сұрыптау)
II орын – Мұрат командасы (Майқұдық)
III орын – Жастар командасы (Майқұдық)

Осы жарыстардың ұйымдастырушылары Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі, «Нұр Отан» ХДП ҚФ, Октябрь ауданының әкімдігі, «Шахтер» КМҚК.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»