Жаңалықтар
«Принцесса на горошине»
03 05 2013
2013 жылдың 2 мамырында «Жастар» спорт кешенінде Қазақстан халқының Бірлестігі күніне арналған «Принцесса на горошине» балалар шығармашылық конкурсы өтті.
Бұл іс-шара балалық және отбасылық бос уақыт ұйымдастыруға, балалардың белсенді шығармашылық ойды білдіруге ұмтылысын дамытуға, ата аналар мен балалардың өзара қатынастарын бекітуге бағытталған.
Конкурсқа Қарағанды қаласындағы балалар-жасөспірімдер клубтарынан 40 астам балалар қатысты.
Конкурс 3 жас топтары бойынша өткізілді: 5-7 жас, 8-11 жас, 12-14 жас.
Конкурстық бағдарлама 3 кезеңнен құрылды:
1. Ханшайымдар шеруі (дефиле)
2. Шығармашылық конкурс
3. Ұлттық киім
Үш кезеңнің нәтижесі бойынша қазылар алқасының шешіміне сәйкес келесі «Ханшайымдар» анықталды:
Кіші жас тобында - Омар Айкүнім жеңіске жетті
Бірінше тете-ханшайымы – Шлыкова Злата
Екінші тете-ханшайымы – Шаймуханова Ділназ
Орта жас тобында Финонченко Марина жеңіске жетті
Бірінші тете-ханшайымы – Юсупова Рината
Екінші тете-ханшайымы – Қабышева Аружан
Үлкен жас тобында Хасенова Мәдина жеңіске жетті
Бірінші тете-ханшайымы – Мырзалинова Гүлдана
Екінші тете-ханшайымы – Юсупова Рамина
Сондай-ақ келесі номинациялар бойынша Ханшайымдар анықталды:
«Очарование», «Весна», «Изюминка», «Улыбка», «Творчество», «Грация», «Образ», «Обаяние», «Элегантность», «Подиум» және т.б.
Ең кішкентай қатысушы Тоқсамбаева Милана (3 жас) қазылар алқасының шешімі бойынша «Принцесса Совершенство» номинациясына ие болды.
Барлық қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушы: «Шахтер» КМҚК.
Назад
- 20.11.2019«Темиртау» всухую проиграл «Хумо-2» в матче чемпионата РК
- 19.11.2019«Темиртау» в овертайме уступил «Хумо-2» в матче чемпионата РК
- 31.10.2019«Иртыш» переиграл «Темиртау» в матче чемпионата РК
- 30.10.2019Ожидаемо. «Атырау» нанес «Шахтеру» шестое поражение подряд и увеличил шансы на выживание в КПЛ
- 01.01.1970