Жаңалықтар



Қарағандылықтар-ардагерлер туралы кітаптың тұсаукесері


04 05 2013

2013 жылдың 30 сәуірінде «Сарыжайлау» кинотеатрында Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 68 жылдығын тойлау қарсаңында «Ардагерлердің әңгімелері балалар сөзімен» жобасының шегінде қарағандылықтар- ардагерлер туралы «Берегите память» кітабының тұсаукесері өтті.

Жобаның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында патриотизм мен Ұлы Отан Соғысына қатысқан қарағандылықтар-батырлары үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Бұл жоба 2011 жылдың жазында ойға келген. Оны жүзеге асыруға 2012 жылдың қаңтарында кіріскен. Жоба 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан қарағандылықтардың, құрметіне арналған.
«Балалар көзімен ардагерлердің әңгімелері» жобасына қатыса отырып, Қарағанды қаласының балалар-жасөспірімдер клубтарынан балалар олар туралы кітаптар жазылмаған, ескерткіш қойылмаған, аттары сондай танымал емес өздерінің отандастары, соғыстың батырлары туралы барлықтарына айтқылары келген. Ардагерлердің соғыс туралы, уақыт туралы, ауыр әскери еңбек туралы әңгімелері ұмытылмауы тиіс.
Жасалған жұмыстардың қорытындысы болып біздің ардагерлеріміз туралы деректі фильм мен кітапты шығару болды, тұсаукесері 30 сәуірде «Сарыжайлау» кинотеатрында өтті.
Жобаның бас ынтагері – Сухорукова Наталья Евгеньевна, осы тұсаукесердің ұйымдастырушысы – «Шахтер» КМҚК.
Тұсаукесерді ұйымдастыруға және өткізуге Қарағанды облысының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы (Сухорукова Н.Е.), қалалық ардагерлер кеңесі, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігі (Ыдырысов Т.Н), К.Станиславский атындағы театры  (Әбілтаев Д.Д.), Қарағанды музыкалық комедиясының академиялық театры (А.Т.Ыбыраев), «Сарыжайлау» кинотеатры (Р.К.Омарбекова) көмек көрсетті. 

«Берегите память» кітабы – бұл қиын жолдан намыспен өткен ардагерлерге деген құрмет.
 


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»