Жаңалықтар
Көркем-өнер хореографиялық ұжымдар арасындағы «Байтерек» IIІ ашық қалалық би конкурсы
11 03 2013
2013 жылдың 10 наурызында Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде шығармашылық-көркемөнер хореографиялық ұжымдар арасында «Бәйтерек» ІІІ қалалық би конкурсы өтті.
Конкурсқа Қарағанды қаласының 26 көркемөнер хореографиялық ұжымдарынан шамамен 700 қатысушы қатысты. Сондай-ақ Бұқар Жырау, аудандарынан, Теміртау қаласының да ұжымдары қатысты. Көрермендер саны 1500 астам адам болды.
Ұжымдар 4 жастық топтарда 5 номинациялар бойынша бағаланды
(3-6, 7-10, 11-15, 16-19 жас):
- «Ұлттық би»
- «Эстрадалық би»
- «Спорттық би»
- «Шығыс биі»
- «Чир данс»
- «Классика»
Қазылар шешіміне сәйкес әр номинациялар мен жастық топтарға келесі атақтар берілді:
- Гран-при және I, II, III дәрежедегі дипломанттар.
Қазылар құрамына Қарағанды облысы бойынша спорттық би Федерациясының Президенті, хореографиялық ансамбльдер жетекшілері, сонымен қатар Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушылары кірді.
Қатысушылар келесі критерилер бойынша бағаланды: орындау техникасы, композиция, хореография, имиджі.
Әр номинацияның жеңімпазы Кубоктармен, сәйкесінше дәреже дипломдарымен, және сыйлықтарымен марапатталды.
Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін дипломдар берілді.
Іс шара ұйымдастырушы «Шахтер» КМҚК.
Назад
- 20.11.2019«Темиртау» всухую проиграл «Хумо-2» в матче чемпионата РК
- 19.11.2019«Темиртау» в овертайме уступил «Хумо-2» в матче чемпионата РК
- 31.10.2019«Иртыш» переиграл «Темиртау» в матче чемпионата РК
- 30.10.2019Ожидаемо. «Атырау» нанес «Шахтеру» шестое поражение подряд и увеличил шансы на выживание в КПЛ
- 01.01.1970