Жаңалықтар



«Орталық формат» қалалық рэп фестивалі


04 03 2013


Қарағанды қаласында рэп өнерін дамыту және тарату, жастар қозғалыстарының өнерлеріне қоғамдық көңіл аудару, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2013 жылдың 3 наурызында сағат 15.00 де  «Шахтер» КМҚК «Жастар» спорткешенінде алғаш рет «Орталық формат» қалалық рэп фестивалін өткізеді.
Осы жобаны өткізу идеясының иесі «Шахтер» КМҚК директоры  Мазитов Вячеслав Нилович.
«Шахтер» КМҚК тұсында музыкалық бағыт «Лира» (Ж.Қала, Инженерная көшесі,1) және Аққу» (Майқұдық, 14 шағын ауданы) аула клубтарында дамып келеді. Осы клубтарының топтары мен жеке орындаушылары Қарағанды облысында өткізілетін шығармашылық конкурстарға қатысады. Осы рэп фестивальге 20-дан астам қатысушы, сондай-ақ Астана қ. қонақтары қатысады.
  Жарыс 2 номинация бойынша өткзілді:
- «Ең үздік орындаушы»;
- «Ең үздік топ»;
Қатысушылардың орындауы сарапшылар алқасы келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды:
- Мәтін мен әннің мазмұны   (авторлық орындаудың артықшылығы );
- Сыртқы түрі  (стилі);
- Артистік өнер.
Қызу сайыста суперфиналға 4 ең лайықты қатысушы шықты: Ақатай Нұрсұлтан, Қалиақпаров Ғалымжан,  «Гамма» тобы, Расул Өткел. 
Рэп Фестивалінің жеңімпазы Расул Өткел 50 000 теңгеге сертификатпен және «Шахтер» КМҚК мадақтамасымен марапатталды. Қатысушылар қатысқандары үшін мадақтамалармен марапатталды.
Осы конкурс жасөспірімдердің шығармашылық дамуына және жастар ұжымдары мен түрлі бағыттардың өзара байланысуына маңызды түрткі болады.
Фестиваль ұйымдастырушы «Шахтер» КМҚК. Іс-шара өткізуге көмек көрсеткен «Единство» лейблы жастар қозғалысы.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»