Жаңалықтар
«Тату отбасы – мықты ел»
22 02 2013
Мереке шегінде 22 отбасы қатысқан эстафеталар өткізілді.
Іс-шара мақсаты: отбасы ролін, отбасылық құндылықтарды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Түрлі бағдарламалар дайындалды: скакалкамен секіру, поролонды шаңғымен жүгіру, шарларды жинау, себетке допты тура тигізу, «тоннель» арқылы жүгіру, «ұшақ-кілем» ұшу және «Менің үйім» шығармашылық конкурсы.
Жиналған ұпай сандары бойынша жүлделі орындарға келесі отбасылар ие болды:
I орын – Смағұловтар отбасы
II орын – Жошиндар отбасы
III орын – Төлеубековтер отбасы
Әкелер ғана қатысқан «Гір көтеру» конкурсында «Ең күшті» болып Михаил Наденов анықталды.
Оксана Полежаева (6 жас) - «Ең жас» номинациясында көрінді.
«Ең қызық» номинациясында – «шаңғыда» әдісті қозғалуды ойлап тапқан Ахановтар отбасы болды.
Ашылуда өз номерларымен «Нұрби» мен «Тонус» БЖК кіші құрамы шығып өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар «Нұрби» балалар-жасөспірімдер клубының хареографиялық ансамблі мереке ағымында қатысушылар мен көрермендерді өз өнерлерімен қуантты.
Спорттық бағдарламаның аяқталуында барлық қатысушылар үшін кәсіби бишілер мен көрермендердің қатысуымен ең танымал әндер «Gan Gnam Style», «Nossa, nossa…» және т.б. би флэш-мобы ұйымдастырылды.
Бағалы сыйлықтар: I-Pad, Sony Play Station, Ipod бас демеуші «ОӘД» ЖШС, сонымен қатар сыйлықтар – «Шығыс» СҮ, «Алаужалын» ЖШС, «Южный» супермаркет желісінен тәтті сыйлықтар, «Бегемот» көңіл көтеру орталығынан карточкалар, «Элто» ЖШС кәдесыйлар ұсынылды.
«Ren-Milk» ЖШС барлықтарына сүйікті пломбир сыйлады.
Жоба Қарағанды қ. әкімдігінің қолдауымен Халықаралық Көшбасшылық Орталығының бастамашылық тобымен, «Шахтер» КМҚК және «Komanda» еріктілік жұмыс Орталығымен ұйымдастырылды.
![]() |
![]() |
Назад

-
20.11.2019«Темиртау» всухую проиграл «Хумо-2» в матче чемпионата РК
-
19.11.2019«Темиртау» в овертайме уступил «Хумо-2» в матче чемпионата РК
-
31.10.2019«Иртыш» переиграл «Темиртау» в матче чемпионата РК
-
30.10.2019Ожидаемо. «Атырау» нанес «Шахтеру» шестое поражение подряд и увеличил шансы на выживание в КПЛ
-
01.01.1970
