Жаңалықтар



Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша Қарағанды қаласы әкімінің Кубогін Астана қ. командасы ұтып алды


21 11 2012

 

2012 ж. 18 қарашада «Жастар» спорт кешенінде «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша Қарағанды қаласы әкімінің IV ашық Кубогі өтті.
Әкім Кубогі ойыны  лицензия алып, «Что? Где? Когда?» клубтарының Халықаралық Ассоциациясының (КХА) халықаралық жарыстар күнтізбесіне енгізілді, нәтижелері білгірлер командаларының  әлемдік рейтингте есепке алынады.
Жыл сайын қала Кубогына Қарағанды облысы мен Қарағанды үздік командалары қатысты.
Осы турнирде 35 команда қатысты, оның ішінде Астана, Теміртау, Павлодар қ.қ. командалары.
Командалар үш айналымға бөлінген 15 сұрақтан 45 авторлық сұрақтарда жарысты.
3 айналымның аяқталуы бойынша іріктеме айналымын өткен, 4 үздік ойыншы кездескен «Своя игра» бойынша Қарағанды қ. І Чемпионатының финалы өткізілді.
«Своей игра» қорытындылары:
I орын – Марат Қалдыбаев («Резко континентальные» командасы (Астана қ.)
II орын – Олжас Өсіпбаев («Резко континентальные» командасы (Астана қ.)
III орын – Азат Тұрғынов («Бедлам» командасы (Астана қ.)
Қарағанды қаласы әкімінің IV ашық Кубогінің иегері, жалпы есепте жеңімпаз  болып «Бедлам» командасы (Астана қ.) танылды.
II орын –«Резко континентальные» командасы (Астана қ.)
III орын –«Парадокс» командасы (Қарағанды қ.)
Қазылар қорытындысы бойынша келесі ойын есебінде үздік командалар анықталды:
1.Үздік жастар командасы –«Инфаркт» командасы (ҚарМУ)
2.Үздік жеткіншектер командасы – «Валера» командасы (№97  гимназия, Қарағанды қ.)
Үздік ойыншы болып «Бедлам» командасының қатысушысы - Дамир Жәдіков танылды.

Іс-шара Қарағанды интеллектуалдық қозғалысының 10 жылдығына арналды.
 


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»