Жаңалықтар



Аула футбол лигасы 2012 Қарағанды қаласы Кубогының жеңімпаздары


12 09 2012

 

8 қыркүйекте «Денсаулық фестивалі» шегінде «Шахтер» стадионында Қазыбек би атындағы аудан мен Октябрь ауданының жеңімпаздары арасында Аула футбол лигасы 2012 қорытынды жарыстары өтті.
Аула футбол лигасы 2012 Қазыбек би атындағы ауданның командалары арасында 23 маусымда, Октябрь ауданының командалары арасында 8 тамызда басталды.
Осы жылы жарысқа 157 команда қатысты:
Қазыбек би атындағы аудан – 72 команда
Октябрь ауданынан – 85 команда.
Жарыстар 3 жастық топтар бойынша өтті: 11-13 жас, 14-17 жас, 18 жас және одан жоғары.
8 қыркүйекте футбол алаңында келесі командалар кездесті:
11-13 жас:   Анжи (18 ш.а.) – Мир (Ж.Қала)
14-17 жас:   Ақжол (15 ш.а.) – Сатурн (Оңт.-Шығыс, 28 ш.а.)
18 жас және одан жоғары:  Локомотив (Сұрыптау)–Арлан (Оңт.-Шығыс, 27 ш.а.)
Өткізілген ойындардың қорытындысы бойынша Аула футбол лигасы 2012 Қарағанды қаласының Кубок жеңімпаздары болды:
11-13 жас:  - Мир (Ж.Қала)
14-17 жас: - Ақжол (Майқұдық, 15 ш.а.) 
18 жас және одан жоғары: - Арлан (Оңт.-Шығыс, 27 ш.а.)

Әр жастық дәрежедегі жеңімпаз командалар -  «Мир», «Ақжол», «Арлан» - Аула футбол лигасы 2012 Қарағанды қаласы Кубогының иеленушілері болып хабарланды, олар Кубоктармен, дипломдар мен жалаушалармен марапатталды, ал әр жастық дәрежедегі командалардың қатысушыларына – сыйлық қоры 100 000 теңге мен сәйкесінше дәрежелі медальдар табысталды.
ІІ орын алған командалар (Анжи, Сатурн, Локомотив) – дипломдармен, жалаушалармен және Кубоктармен, команда қатысушылары – сәйкесінше дәрежелі медальдармен марапатталды.
Жарыстардың ұйымдастырушылары Қазыбек би атындағы аудан, Октябрь ауданы әкімдіктері, Қарағанды қ. дене тәрбиесі және спорт бөлімі, «Шахтер» КМҚК, Қарағанды облыстық футбол федерациясы болып табылады.
 


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»