Жаңалықтар



«Мен, сен және ол – саламатты елміз!»


11 09 2012

2012 ж. 8 қыркүйекте «Шахтер» стадионында «Мен, сен және ол – саламатты елміз!» ұранымен Денсаулық фестивалі 2012 өтті.
«Жастар» спорт кешенінде БЖСМ, спорттық және аула клубтарының көрсетілім шығуларымен «Денсаулық фестивалі» мерекесі өткізілді. Қарағанды облысының спорттық клубтарының және БЖСМ ақпараттық стендтері ұсынылды, онда балаларды спорт секцияларға жазу жүргізілді, сонымен қатар аула клубтарының шығармашылық жұмыстарының көрмесі өткізілді.
Іс-шараға «Здоровье», «Тонус» аула клубтарының черлидерлар топтары мен «Нұрби» аула клубының хареографиялық ансамблі қатысты. Мереке соңы – бұқаралық «Қара жорға» биі болды.
Сонымен қатар стадионда медициналық қалашық ұйымдастырылды, онда барлық қалағандар флюорография мен мамандар алдынан өте алды.
Үстел теннисі залында үстел теннисі бойынша турнир, алаңда стритбол бойынша турнир, орталық аренада жеңіл атлетика бойынша жарыстар өткізілді.
Шағын футбол алаңында Аула футбол лигасы 2012 қорытынды жарыстары өтті.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»