Жаңалықтар
Экстремалды спорт түрлерін сүюшілерде жаңа скейт алаңы!
11 09 2012
6 қыркүйекте «Денсаулық фестивалі - 2012» шегінде «Шахтер» стадионында экстремалды спорт түрлерін сүюшілер үшін скейт алаңының ашылуы өтті.
Стадион аумағында бастапқы және орта деңгейдегілерге арналған құрылым орнатылды. «Шахтер» стадионында алаңның ашылуы жастар үшін көптен күткен және маңызды оқиға болды.
«Шахтер» стадионының директоры Мазитов Вячеслав Ниловичтің айтуы бойынша орындықтар мен металды қоршаулар сияқты қалалық нысандарды пайдаланбай, жастардың жаттығулары үшін құрылыммен арнайы алаңдары болу керек. Жаңа скейт алаңы одан да көп жастарды жинайды және оларды салауатты өмір салтына қосады.
Ашылуға көрсетілімді әрекеттерімен ВМХ класының велосипедшілері, скейтерлер, Old school freestyle Freedom Bord Family жастық командасы, сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы қысқы спорт түрлері бойынша БЖСМ тәрбиеленушілері қатысты.
P.S. «Шахтер» стадионы базасында қарағандылық скейтбордшылары, роллерлар мен ВМХ класының велосипедтерінде экстремалды тебуді сүюшілер үшін аула клубын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Назад
- 20.11.2019«Темиртау» всухую проиграл «Хумо-2» в матче чемпионата РК
- 19.11.2019«Темиртау» в овертайме уступил «Хумо-2» в матче чемпионата РК
- 31.10.2019«Иртыш» переиграл «Темиртау» в матче чемпионата РК
- 30.10.2019Ожидаемо. «Атырау» нанес «Шахтеру» шестое поражение подряд и увеличил шансы на выживание в КПЛ
- 01.01.1970