Жаңалықтар



АУЛАЛЫҚ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАСАЛДЫ


17 08 2012

 

24 шілдеде «Шахтер» стадионының орталық аренасында Қазыбек би атындағы ауданның аулалық командалар арасында «Аулалық футбол Лигасы» жеңімпаз командаларының салтанатты марапаттауы өтті.
Марапаттау  УЕФА «Слован» (Либерец, Чехия) — «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) УЕФА чемпиондар Лигасының 2 біліктілік раундының жауапты  матчы басталуының алдында және үзілісте өткізілді..
Аулалық футбол Лигасы шегінде шағын футбол бойынша жарыстар «Нұр Отан» ХДП ҚФ Кубогына және Қазыбек би атындағы аудан әкімі жүлдесіне Қазыбек би атындағы аулалық командалар арасында Қазыбек би атындағы ауданның шағын футбол алаңдарында және «Шахтер» стадионында 23 шілдеден басталды.
Берілген жарыстар ҚР Астана күніне арналды.
Жарысқа 3 жастық дәреже бойынша 72 команда қатысты.
Өткізілген ойындар қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі командалар алды:
11-13 жас   
I орын –«Мир» командасы  (қала)      
II орын – «Торпеда» командасы  (Оңт.-Шығыс, 30 ш.а.)   
III орын – «Гимназисты» командасы (қала)
14-17 жас   
I орын – «Сатурн» командасы (Оңт.-Шығыс, 28 ш.а.)   
II орын – «Достар» командасы  (Березка)     
III орын –«55 квартал» командасы
18 жас және одан жоғары   
I орын – «Арлан» командасы (Оңт.-Шығыс, 27 ш.а.)   
II орын –«КарГУ»  командасы
III орын –«Созвездие» командасы (Оңт.-Шығыс, 30 ш.а.)
«Мир», «Сатурн», «Арлан» жеңімпаз командаларына «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының Кубогы берілді, ал қатысушыларға – Қазыбек би атындағы аудан әкімінің бағалы сыйлықтары мен грамоталар берілді.
Әр жастағы дәрежеде ІІ-ІІІ орын алған команда қатысушыларына Қазыбек би атындағы аудан әкімінің бағалы сыйлықтары мен грамоталар берілді.
Жарыстың үздік ойыншылары болып танылды:
1. 11-13 жастағы дәрежеде - Дәрібаев Ақжол (Мир командасы)
2. 14-17 жастағы дәрежеде – Брянцев Антон (55 квартал командасы)
3. 18 жас және одан жоғары дәрежеде – Шабалин Максим (Арлан командасы).
Сонымен қатар үздік ойыншылар үшін Қазыбек би атындағы аудан әкімінің бағалы сыйлықтары ұйымдастырылды.
Берілген жарыстардың ұйымдастырушысы Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі, Қарағанды қ. дене тәрбиесі және спорт бөлімі, «Нұр Отан» ХДП ҚФ, «Шахтер» КМҚК болып табылады.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»