Жаңалықтар



«Шахтер» стадионында «Қол жетімді әлем»


16 08 2012

2012 жылдың 20 шілдеде «Шахтер стадионында» Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін «Қол жетімді әлем» жобаның аясында спорттық алаңы ашылды.
Спорттық алаң мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін  жан-жақты орталық болып табылады: баскетбол, волейбол, бадминтон, флор бол (еден үстінде хоккей), жүгіру жолдары, үстел теннисі залы. Сондай-ақ ойын аймағының жанында мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін арнайы дала тренажерлары орналасқан.
Кейін тренажерлар саны көбейіп, орнатылады. Тұсаукесер рәсіміне Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю.Любарская, Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бастығы М.Р.Асубаев, Қарағанды облысы бойынша балаларды қорғау басқармасының бас маманы Н.И.Королева, Қазақстанның мүгедектер Конфедерациясы ҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Д.А.Тлемисов, «Спешиал Олимпикс» ҚБ ҚР филиалының төрайымы Л.Туркова., «Шахтер» КМҚК директордың міндетін атқарушы Е.Төлтаев., және Қарағанды облысы, Қарағанды, Қарқаралы қалаларындағы медициналық-әлеуметтік мекемелердің, мүгедектер спорты бойынша балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебінің, «Үміт» облыстық реабилитациялық орталығының тәрбиеленушілері де қатысты.  Тұсаукесер рәсіміне көрнекі көрсетулермен Саран қаласының МӘМ тәрбиеленушілері қатысты. Қатысушылар флорбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисінен ойындар ойнады. Сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдар жарыс жолдарында жүгіру бойынша және армрестлингтен жарысарға қатысты.
Барлық қатысушыларға «Шахтер» КМҚК атынан спорттық сыйлықтар және демеушілер «Aiza» ЖШС мен «Кока-кола» ЖШС атынан тәтті сыйлықтар тапсырылды.   
«Шахтер» стадионында «Қол жетімді әлемге қош келдіңіздер!». Ұйымдастырушы: Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен «Шахтер» КМҚК.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»