Жаңалықтар
«Қарлы қыс» XXX қысқы ауыл Спартакиадасы және «Ақ қыс» XVII біріншілігі
22 02 2020
2020 ж. 20-21 ақпанында «Шахтер» стадионының мұз айдынында осы жылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Қарағанды өңірінің қалалары мен аудандары арасында «Қарлы қыс» XXX қысқы ауыл Спартакиадасы және «Ақ қыс» XVII біріншілігі бағдарламасында шайбамен хоккей және конькимен жүгіру спорты бойынша жарыстар өткізілді.
Бұл Спартакиадалар бағдарламасында әр түрлі жастағы және мамандықтағы әуесқой спортшылар төрт түрі бойынша жарысты – қысқы Президенттік көпсайыс (ату, күштік гимнастика, шаңғы), шайбамен хоккей, конькимен жүгіру спорты мен шаңғы жарысы.
Қалалар арасында жарыстардың барлық түрлерінің қорытындылары бойынша бірінші жалпыкомандалық орынды Қарағанды командасы алды, екінші – Теміртау қ., үшінші – Саран қ. Ауыл Спартакиадасының қорытындысы бойынша бірінші орынды – Абай ауданының командасы, екінші орынды Ақтоғай ауданының құрамасы, үшінші орынды Жаңаарқа ауданы алды.
Назад
- 20.11.2019«Темиртау» всухую проиграл «Хумо-2» в матче чемпионата РК
- 19.11.2019«Темиртау» в овертайме уступил «Хумо-2» в матче чемпионата РК
- 31.10.2019«Иртыш» переиграл «Темиртау» в матче чемпионата РК
- 30.10.2019Ожидаемо. «Атырау» нанес «Шахтеру» шестое поражение подряд и увеличил шансы на выживание в КПЛ
- 01.01.1970