Жаңалықтар



«Бәйтерек» Х мерейлі Ашық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы конкурсы


02 03 2020

2020 жылдың 1 наурызында «Жастар» спорткешенінде Қарағанды қ. әкімдігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Бәйтерек» Х мерейлі Ашық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы конкурсы өтті.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қарағанды облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Увайс Джанаев қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы құрметіне іс-шара «Нұрби» ансамблі ересектер ұжымының орындауында «Хоровод дружбы» биінен басталды, қатысушылар жасы 55-тен 70 жас аралығында.

Биылғы жылы конкурсқа Қарағанды облысының би ұжымдарынан 1500 астам қатысушылар қатысты.

Қазылар алқасының құрамында Тәттімбет атындағы колледжден тәжірибелі хореографы, театрлар балетмейстерлері мен үлгілі ансамбльдердің хореографтары бағалады. Қазылар алқасының төрағасы – Карина Сарсенованың «Триумff» мюзикл театрының балетмейстері Г. Воржева (Алматы қ.). Ұжымдар 5 жастық топтарында (2-3 жас, 3-5 жас, 7-10 жас, 11-15 жас, 15 жас және одан үлкен) келесі номинациялар бойынша бағаланды:

«Халық биі», «Эстрадалық билер», «Стильді би», «Шығыс биі», «Спорттық би», «Заманауи би», «Сән театры».

Қазылар алқасының шешімдеріне сәйкес әр номинацияда және жас топтарында Бас жүлде және І, ІІ, ІІІ дәрежелі лауреаттар берілді.

Әр номинациядағы және жастық дәрежедегі жеңімпаздар атаулы Кубоктармен, медальдармен және сәйкесінше дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, хореографиялық ұжымдардың барлық жетекшілері өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқаны үшін «Шахтер» КМҚК алғыс хаттарымен марапатталды.

Ұйымдастырушы: «Шахтер» КМҚК.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»