Жаңалықтар



Жасөспірімдер командалары арасында «Что? Где? Когда?» зияткерлік ойыны бойынша VIII Чемпионаты


19 04 2019

Қарағанды қаласының 85 жылдығын мерекелеу жылы және Жастар жылында Қарағанды қ. әкімдігінің қолдауымен және «Что? Где? Когда?» клубтарының Халықаралық Ассоциациясының қатысуымен 2019 ж. 17-18 сәуірінде «Жастар» спорт кешенінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жасөспірімдер командалары арасында «Что? Где? Когда?» зияткерлік ойыны бойынша VIII Чемпионаты өтті. Тұңғыш рет зияткерлік сайыста ағылшын тілінде бөлім енгізілді. Жасөспірімдер (оқушылар) арасында бұл турнир Қазақстан Республикасында зияткерлік спорт бойынша ірі жарыстардың бірі болып табылады және жыл сайын бірнеше ондық жас білімпаздар командаларын жинайды.

Турнирдің мақсаты: тіл саясатын жүзеге асыру, балалар мен жасөспірімдерді зияткерлік ойын саласына тарту.

2 күн ағымында турнирге Қарағанды қ. балалар-жасөспірімдер клубтарынан және орта мектептерінен 52 команда қатысты:

17 сәуірде Чемпионат мемлекеттік тілде өткізілді.

I орын – Көк метеорит командасы (НЗМ)

II орын – «Арман» аула клубының командасы

III орын – «Жұрттың балалары» командасы (№17 мектеп)

7-8 сыныптардың үздік командасы болып «Жерұйық» командасы (НЗМ) аныталды.

«Аула клубының үздік командасы» - «Достық» клубының командасы

Үздік ойыншы болып Кашиев Шынгыс (НЗМ) танылды.

18 сәуірде турнир орыс тілінде өткізілді, мұнда командалар келесі нәтижелерді көрсетті:

I орын – «Секстет имени Наташи Ростовой» командасы (№38 мектеп)
II орын –Алаш командасы (Мұрагер мектебі)
III орын –«В кругу Друзей» командасы (НЗМ)
7-8 сыныптардың үздік командасы - «Квартет бурундуков» командасы (№2 лицей)
Аула клубының үздік командасы – «Астана» клубы командасы
Үздік ойыншы болып Гарри Азарян танылды (№38 мектеп)         

          Ұйымдастырушы:  «Шахтер» КМҚК.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»