Жаңалықтар



Аула клубтарында демалыстар көңілді, белсенді және пайдамен өтуде


11 01 2019

Алуан-түрлі бос уақытты ұйымдастыру мақсатында қысқы демалыс күндері аула клубтарының балалары үшін ұлттық ойындар, спорттың ойын түрлері бойынша турнирлар, ойындар, конкурстар; «Қысқы өрнектер» суреттер мен қолдан жасалған бұйымдар байқауы, экскурсиялар және т.б. өткізілуде.

«Біздің ауламыздың сүйікті ойыны. Ал сіз не ойнайсыз?...» челленджі шегінде келесі іс-шаралар өткізілді:

- 4 қаңтарда «Жастар» спорт кешенінде «Новогодний балаганчик» Көңілді эстафеталар ұйымдастырылды. Балалар үшін клюшкамен шайбаны жүргізе білудегі жылдамдық пен ептілікті, скейтборд тебу, допты лақтырудағы мергендікті, баскетбол добымен эстафеталар, тоннель және басқаларын көрсете білген конкурстар дайындалды.

- 7 қаңтарда ойын бағдарламасы Шахтер ст. мұз айдынында өткізілді, оған 50 адам қатысты. Барлық балаларға конькилер берілді. Содан соң коньки тебу ұйымдастырылды.

Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар берілді.

8 қаңтарда «Мир» (Ж. Қала), «Кеша» (Майқұдық) аула клубтарында «Әсем» және ДМШ балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін «Жаңа жыл, құтты болсын!» жаңа жылдық мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылды.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»