Жаңалықтар



«Ерлер мінген арғымақ» - аула клубтарының балалары үшін экскурсия


30 11 2018

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылап, балалар-жасөспірімдер клубтарының балалары үшін, ұлттық ат спорт түрлерін  таныту мақсатында ағымдағы жылдың 29 қарашасында «Ерлер мінген арғымақ» экскурсиясы ұйымдастырылды. Экскурсия барысында «Қайрат» ұлттық ат спорт түрлері бойынша БЖСМ ат спорты базасында таралып келе жатқан спорт түрлері бойынша мастер-класс өткізілді.

Майқұдық аула клубтарының 30 астам жасөспірімдері үшін спорт мектебінің жаттықтырушылары өңірдегі ұлттық спорт түрлерін таныту мен дамыту, тарихы туралы әңгімеледі. Балаларға жаттықтырушылардың бақылауымен атты ерттеуге және өздерін батыр сезінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар садақпен, найзамен қаруланған салт атты – ол көшпенді халықпен құрылған қуатты империяның тарихына кірген өзіндік дәуір символы болғаны туралы әңгімеледі. Балаларға спорт мектептерінің қатысуымен «Аударыспақ», «Көкпар», «Жакмбы ату», «Теңге алу» бойынша көрсетілімдер қойылды.

Қатысушылар өткізілген мастер-классқа риза болды және ұлттық ат спорты түрлерімен шұғылдануға қызығушылық танытты.

Бұл іс-шара Қарағанды қ. Спорт бөлімінің «Қайрат» ат спорт түрлері бойынша БЖСМ көмегімен өткізілді.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»