Жаңалықтар



Аула клубтарының командалары арасында жаяу туризм техникасы бойынша жарыстар


26 06 2018

2018 ж. 16-17 маусымында Қарағанды қ. балалар-жасөспірімдер клубтарының командалары арасында ХVI Спартакиада шегінде жаяу туризм техникасы бойынша аудандық жарыстар өткізілді. Жарыстар Ж.Майқұдық мәдениет Үйінің ауданында өтті. Жарыс бағдарламасы: палатканы орнату, рюкзакты қаптау, батпақтан өту және т.б.

21-23 маусымында Бұқар Жырау ауданының Корнеевка орман алабында финалға шыққан «Аққу», «Жігер», «Мұрат», «Мир», «Болашақ», «ВИК» балалар-жасөспірімдер клубтарының командалары арасында ақтық жарыстар өткізілді. Ақтық жарыстар палаткаларда түнеумен және отта тамақты өздері дайындаумен қашықтығы 12 км жазықтық сапар түрінде өткізілді. Фотосуреттер, сапар туралы әңгімелер мен туристік әндер конкурстары жеке өткізілді.

2 күндік жарыс қорытындылары бойынша келесі БЖК командалары жеңімпаз болды:

I орын - «Мұрат» БЖК (16 ш.а.)

II орын - «Аққу» БЖК (14 ш.а.)

III орын - «Жігер» БЖК (Көгілдір тоғандар ш.а.)

 

Ұйымдастырушы: Қарағанды қ. ДТжСБ «Шахтер» КМҚК және облыстық туризм клубымен бірлесіп.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»