Жаңалықтар



Аула клубтарының балалары Долинка ау. мұражайына барды


31 05 2018

Патриоттық сезімді тәрбиелеу және халықтың тарихи өткен-кеткендеріне құрмет мақсатында 2018 жылдың 23-30 мамыр аралығында «Мерей» (Жұмыскер ауылы), «Жас сұңқар» (ескі Тихоновка) балалар-жасөспірімдер клубтарының балалары үшін «Кемеңгер» зейнеткерлер клубының мүшелеріне Долинка ау. саяси қуғын-сүргін құрбандары естелігі мұражайына экскурсиялық шығулар ұйымдастырылды.

Мұражайдың экскурсия жүргізушілері Қазақстан аумағында туындаған тарих, тұтқындарды бір жерде ұстайтын кеңес лагерьлерінің бірі -  КарЛАГ түзету-еңбек лагері мен оның тұтқындары жайлы әңгімеледі. Экспозициялық залдарда кеңес мемлекетінің қуғын-сүргін саясаты туралы куәландыратын түпнұсқалық экспонаттар, құжаттар көшірмелері, фото суреттер, көлемді заттар мен т.б. ұсынылды.

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргіннің түрлі кезеңдерінің тарихымен танысу мақсатында кітапханалар филиалдарымен бірлесіп балалар-жасөспірімдер клубтарының балалары үшін «Кінәсіз кінәлі болған тағдырлар» атты ақпараттық сағаты өткізілді.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»