Жаңалықтар



«Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша VII Чемпионат


19 04 2018

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу жылында, «Что? Где? Когда?» Халықаралық клубтар ассоциациясының қатысуымен «Жастар» спорт кешенінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жеткіншектер командалары арасында «Что? Где? Когда?»  интеллектуалдық ойыны бойынша VII ашық Чемпионаты өтті. Жеткіншектер (оқушылар) арасындағы бұл турнир Қазақстан Республикасындағы интеллектуалдық спорты бойынша ірі жарыстардың бірі болып табылады және жыл сайын жас білімпаздардың ондаған командаларын жинайды.

Екі күн ағымында турнирге Қарағанды қ. балалар-жасөспірімдер клубтары мен орта мектептерінен 67 команда қатысты.

Чемпионат 2 топшалар бойынша өткізілді:

13 сәуірде – мемлекеттік тілде – келесі нәтижелермен 32 команда қатысты

I орын -  «Сұңқар» (№93 гимназия)

II орын – «Көк метеорит» (НЗМ)

III орын – «Шайқас» (НЗМ)

6-8 сыныптардың үздік командасы болып Сингулярность (№34 ОМ) командасы танылды.

Турнирдің үздік ойыншысы болып Айтқұлов Әмір («Көк метеорит» командасы) танылды.

Балалар-жасөспірімдер клубының үздік командасы – «Арман» БЖК командасы (16 ш.а.) болды.

 

18 сәуірде – турнир орыс тілінде өтті, оған 35 команда қатысты

1 орынды «В кругу Друзей» (НЗМ) командасы жеңіп алды.

2 орын – «Пионер лагерь "Паленая хвоя" командасы (Мұрагер ММИ) - өткен жыл турнирінің чемпионы.

3 орын –«Секстет имени Наташи Ростовой» командасы (№93 гимназия)

6-8 сыныптардың үздік командасы - «Lumix» команда (№2 Лицейі)

Балалар-жасөспірімдер клубының үздік командасы - "Кеша" БЖК командасы

Турнирдің үздік ойыншысы болып Айбек Әбілғазым (НЗМ, «В кругу Друзей») танылды.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»