Жаңалықтар



"Шахтер" стадионында шығармашылық мереке өтті


12 03 2018

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу жылы, көктемнің алғашқы күндері, 2018 ж. 11 наурызында «Жастар» спорт кешенінде дәстүрлі «Бәйтерек» балалар мен жеткіншектер шығармашылығының  VIII ашық байқауы өтті.

Байқау балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен шығармашылығы үшін күшті ынталандыру болды, сонымен қатар іс-шаранаың қонақтары мен ата-аналар үшін шығармашылық мерекесі болды.

Осы жылы 2000 астам қатысушы болды, оның ішінде Павлодар, Жезқазған, Теміртау қалаларынан және Қарағанды облысының аудандарынан қонақтар қатысты. Ұжымдар 5 жастық топтарда (2-6 жас, 5-9 жас, 9-11 жас, 11-15 жас, 15 жас және одан үлкендер) келесі номинацияларда бағаланды: «Халық биі», «Эстрада биі», «Стильді би», «Шығыс биі», «Заманауи би» және басқалары. Байқау бағдарламасына алғаш рет «Өзіндік жанр» - цирк өнері қосылды. Қатысушылар келесі критерийлер бойынша бағаланды: орындау техникасы, композиция, хореография, имидж.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес әр номинацияда және жастық топта келесі атақтар берілді:

- Бас жүлде, I, II, III дәрежелі лауреаттар мен дипломанттар. 

 Ұйымдастырушы: «Шахтер» КМҚК.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»