Жаңалықтар



ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповтың естелігіне бокс бойынша Халықаралық турнир


24 12 2017

2017 ж. 19-24 желтоқсан аралығында «Жастар» спорт кешенінде ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповтың естелігіне бокс бойынша Халықаралық турнир өтті. Турнирге Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның барлық облыстарынан 195 спортшы қатысты.
Турнирдің салтанатты ашылуы 20 желтоқсанда өтті. Құрметті қонақтар Қарағанды облысы Мәслихатының хатшысы Серік Өтешов, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова, Қарағанды әкімінің орынбасары Ирина Любарская, Ғалым Жарылғаповтың туғандары, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары тікелей рингке шақырылып, қатысушылар мен көрермендердің алдында сөз сөйледі.
Ақтық жекпе-жектерден кейін бірінші орынды алған Үндістанның өкілдерінің бірін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов марапаттады, ал оның қарсылас-жүлдегерлерді атақты спортшылар Серік Сәпиев, Дмитрий Карпов пен Нұрғазы Жарылғапов марапаттады.
Бұл турнирде қарағандылық боксшылар тоғыз медаль жеңіп алды:
- Біріншілік жеңімпаздары Ходжабекова Айжан, Балтабаев Ақниет, Нүркен Азамат болды,
- жүлдегерлер - Князева Виолетта, Баешев Рустэм, Шауменов Рустем, Сағымбеков Наурызбек, Галямов Рустам мен Зиско Дмитрий болды.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»