Жаңалықтар
«Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша Қарағанды қаласының IX ашық Кубогы
18 12 2017
2017 ж. 17 желтоқсанында «Жастар» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны бойынша Қарағанды қаласының ІХ ашық Кубогы өтті. Турнирге Қарағанды қаласының 37 білімпаздар командалары, сонымен қатар Астана, Шымкент және Теміртау қалаларынан құрама командалар қатысты. Командаларға 45 сұраққа жауап беру тапсырмасы алдарына қойылып, қорытынды бойынша Кубокты «Тропик Рака» (Астана қ.) командасы жеңіп алды.
II орынды «Зенит» командасы жеңіп алды (Қарағанды қ.)
III орын – «Тротиловый эквивалент» командасы (Қарағанды қ.)
Жеңімпаз командасы абсолютті есепте Кубкпен және дипломмен, қатысушылар медальдармен марапатталды.
Сонымен қатар келесі номинацияларда үздік командалар анықталды:
«Үздік жеткіншектер командасы» - «Блиц криг» командасы (НЗМ Қарағанды қ.)
«Үздік жастар командасы» - «69 Ы» командасы.
Сонымен қатар, қазылар алқасының шешімі бойынша «Үздік ойыншы» болып Гатаулин Андрей танылды («Зенит», Қарағанды қ.).
Назад
- 20.11.2019«Темиртау» всухую проиграл «Хумо-2» в матче чемпионата РК
- 19.11.2019«Темиртау» в овертайме уступил «Хумо-2» в матче чемпионата РК
- 31.10.2019«Иртыш» переиграл «Темиртау» в матче чемпионата РК
- 30.10.2019Ожидаемо. «Атырау» нанес «Шахтеру» шестое поражение подряд и увеличил шансы на выживание в КПЛ
- 01.01.1970