Жаңалықтар



«ШАХТЕР» СТАДИОНЫ ҚКФЛ ЖАРЫСТАРҒА ӨТТІ


29 06 2017

Алаңдарды өткізу бойынша Қазақстанның кәсіби футбол лигасының комиссиясы «Шахтер» стадионының (Қарағанды қ.) негізгі алаңына қайта инспекциясын өткізді.
Еске салсақ, алдында «Шахтер» стадионының негізгі алаңы көгалының қанағатсыз жағдайына байланысты Комиссия ҚКФЛ ұранымен матчтарды өткізуге тыйым салды.
Стадионның әкімшілігі Комиссияның ұсыныстарын негізге ала отырып, фуьтбол жабынын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізді, нәтижесі ретінде стадионның негізгі алаңы қысқа мерзімде қанағаттанарлық жағдайға жеткізілді.
Стадионның футбол жабыны жақсы жағына өзгеруі негізінде, сонымен қатар ұсыныстарды одан әрі сақтау жағдайында Комиссиямен бұдан бұрын ҚКФЛ матчтарын өткізуге салынған тыйымды алу шешімі қабылданды. «Шахтер» футбол клубының негізгі және жастар командалары өзінің үйдегі матчтарын Қарағандының басты футбол аренасында өткізе алады.

ҚКФЛ баспасөз қызметі
 


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»