Жаңалықтар



Мемлекеттік қызметкерлер Спартакиадасы – Орталық топ


10 04 2017

2017 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімімен Қарағанды облысының әкімдіктері қызметкерлері арасында Спартакиада – Орталық топ өткізілді.
Жарыстар спорттың 8 түрі бойынша өткізілді: волейбол, шағын футбол, жүзу, жеңіл атлетика, үстел теннисі, армрестлинг, гір спорты, шахмат.
Волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат «Жастар» с/к өткізілді, армрестлинг және гір спорты «Шахтер» ст. ауыр атлетика залында, жүзу Н.Әбдіров атындағы СС, жеңіл атлетика - жеңіл атлетика бойынша ОРОМБЖМ өтті.
Спартакиадаға 3 команда қатысты:
1) Қарағанды қ. әкімдігі
2) Теміртау қ. әкімдігі
3) Бұқар Жырау ауданының әкімдігі
  Қарқаралы ауданы әкімдігінің командасы аудандағы су тасқыны жағдайына байланысты қатыса алмады.
Спартакиада қорытындылары бойынша І орынды келесі спорт түрлері бойынша командалар жеңіп алды:
- Қарағанды қ. командасы волейбол мен жүзу бойынша;
- Теміртау қ. командасы жеңіл атлетика, шағын футбол, шахмат және үстел теннисі бойынша;
- Бұқар Жырау ауданының командасы армрестлинг және гір спорты бойынша алды.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»