Жаңалықтар



Пришахтинск балалар-жасөспірімдер клубтарының балалары үшін «Еркін елдің ұланымыз» атты ерлік сабағы өткізілді


17 04 2017

Қорғаныс-бұқаралық және әскери-патриоттық жұмыстар айлығы шегінде, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылу күнінен 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2017 ж. 14 сәуірінде «Шахтер» стадионы №52859 ә/б бірлесіп, бөлім базасында Пришахтинск балалар-жасөспірімдер клубтарының (Тұлпар, Луч, Қайсар, Туған жер, Болашақ, Қуаныш, Жас сұңқар) балалары үшін «Еркін елдің ұланымыз» атты ерлік сабағы ұйымдастырылды.
Балаларға келесі бағдарлама дайындалды:
- әскери бөлім қызметі туралы бейнероликтері көрсетілген 52859 ә/б әскери дайындық үздіктерімен кездесу;
- балалар арасында газқағарды кию; АК автоматын жинау/бөлшектеу, гір көтеру, ОЗК кию, қорапты жабдықтау бойынша жарыстар өткізілді. Жарыстар қорытындысы бойынша жалпыкомандалық 1 орынды Қуаныш балалар-жасөспірімдер клубының командасы алды.
2 орын – «Туған жер» балалар-жасөспірімдер клубының командасы
3 орын – «Луч» балалар-жасөспірімдер клубының командасы 
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыс қорытындылары бойынша жүлдегенр командалар Кубоктар мен дипломдармен мараптталды; сонымен қатар, жеке түрлері бойынша 1-3 орындарды алған қатысушылар грамоталармен марапатталды.
- Бағдарламаның аяқталуында бөлім аумағы бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды: асхана, казармалар, техника паркі.


Назад
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
© КГКП «Стадион Шахтёр» 2011
© 2011 Разработка и поддержка сайта:
Интернет-компания «Creatida»